Бокстан әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл беделді халықаралық турнирде еліміздің намысын үш боксшы қорғайды: Жазира Орақбаева (51 келі), Анита Әдішева (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі).
Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында өтеді.