Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Ташкентте өткен Халықаралық Бокс Федерациясының кеңесінде 2024 жылы қыздар арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтеді деп шешілді, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара «Барыс Арена» сарайында болады деп жоспарланған.
2023 жылы Үндістанда өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс, 4 қола жүлде иеленген болатын.
-->Ташкентте өткен Халықаралық Бокс Федерациясының кеңесінде 2024 жылы қыздар арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтеді деп шешілді, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шара «Барыс Арена» сарайында болады деп жоспарланған.
Мен Қазақстан секілді бокс державасының IBA-ның басты шарасын өткізетініне өте қуаныштымын. Астана бұған дейін қыздар арасындағы әлем чемпионатын 2016 жылы өткізген. Енді одан да күшті болады — деп IBA басшысы Умар Кремлев өз сенімін білдірді.
2023 жылы Үндістанда өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 күміс, 4 қола жүлде иеленген болатын.