Боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 19 сәуір күні мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Промоутер Том Леффлер ұйымдастыратын бокс кеші Коммерсте (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Садриддин бұған дейінгі жекпе-жегін 13 желтоқсан күні Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Элиас Эспадас та желтоқсанда жекпе-жекке шыққан. Рамон Барахас (14-40, 4 КО) есімді боксшыны екінші раундта нокаутпен жеңген.