Боксшы Әли Ахмедовтің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Танымал қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін 17 қаңтарда АҚШ-та өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әли америкалық боксшы Малком Джонспен (17-4-1, 10 КО) жекпе-жек өткізеді.
17 қаңтарда өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде WBC Continental Americas Feather белбеуі Омар Канде Тринидад (17-0-1) пен Майк Плания (31-4) арасында сарапқа салынады.
Ахмедов соңғы жекпе-жегін Ирландияда өткізіп, Пьер Дибомбені төрешілер шешімімен жеңген еді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшының қарсыласы ауысқан болатын.