Спорт

Бибісара Асаубаева Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы шахматшы Instagram парақшасында жазды.

Бибісара Асаубаева 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2019 жылы әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанса, 2020 жылы ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алды.

Шахматтың блиц түрінен 2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы болды. Бұл атаққа ие болған шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. 2021 жылы шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс жүлдеге ие болды. Дәл сол жылы шахматтан Азия чемпионы болды.

-->

Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда – шахматтан Қазақстандағы жалғыз ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, – деп жазды ол Instagram Stories-те. 