Әбиба Әбужақынова дзюдодан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.