Биатлон: Владислав Киреев Азия ойындарының чемпионы атанды
Владислав Киреев Харбиндегі Азиада ойындарында чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін биатлон спортынан алғашқы жүлделер үлестіріліп, спринт сайысы бойынша 10 шақырым қашықтықта Владислав Киреев топ жарды.
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынына түскен үшінші алтын медаль.
Жарыс нәтижесі:
1-орын. Владислав Киреев (Қазақстан) - 29:47.4
2-орын. Вадим Куралес (Қазақстан) - 30:13.1
3-орын. Канг Гу (Қытай) - 30:17.1
Бүгін жекелей сында барлығы 33 спортшы жарысты.
Жалпы Азия ойындары тарихында Қазақстан биатлоннан 20-шы алтын медальді иеленді. Тек 2003 жылы ғана Жапониядан қола медальмен оралғанбыз.