Спорт

Бүгін «Ұлы дала жорығы-2024» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болады

Бүгін Астана тұрғындары мен қонақтары «Ұлы дала жорығы» көпкүндік марафон-бәйгесінің майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне куә бола алады, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты іс-шара сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіреберістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде өтеді.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Биыл жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыды.

Жеңімпаздардың марапаты: Бас жүлде – 15 000 000 теңге, 2 орын – 10 000 000 теңге, 3 орын – 5 000 000 теңге.

Сонымен қатар, алғашқы үш жеңімпаз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). 

Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушылары ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы.  

-->