Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың 5-ракеткасы Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен кездесті.
Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.
Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.
-->Жарыстың 5-ракеткасы Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған мексикалық, 18 жастағы Родриго Пачеко Мендеспен кездесті.