Бас қалада «5G KcellRUN» марафоны ұйымдастырылды
Бүгін елорда төріндегі Ботаникалық саябақта жүгіру марафоны өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздегі ірі операторлардың бірі — Kcell компаниясының 25 жылдығына орай Астана мен Түркістан қаласының қызметкерлері бір мезетте 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.
10 шақырымдық жарыста жеңіл атлетикадан ел чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Балтабек қарсылас шақ келтірмесе, әйелдер арасында Гүлнүр Елемесова топ жарды. Ал 5 шақырымда Дмитрий Адамович (ерлер) және Ева Пинчук (әйелдер) чемпион атанды.
Жүлде қоры 10 млн теңгені құрап, жеңімпаздар ақшалай және медальмен марапатталды.
-->
Еліміздегі ірі операторлардың бірі — Kcell компаниясының 25 жылдығына орай Астана мен Түркістан қаласының қызметкерлері бір мезетте 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.
«Өздеріңізді, алдымен, еліміздің ірі мобильді байланысы Kcell компаниясының 25 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Kcell - Қазақстандағы жоғары сапалы ұялы байланыс желісі. Бүгінгі мерекелік «5G KcellRUN» марафоны - бұқаралық спортты дамытудағы бірден-бір үлкен қадам.
Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі сенбінің таныңда ұйымдастырылған шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын.
Өздеріңізді бүгінгі марафонның межесіне жеңіл жетулеріңізге сәттілік тілеймін. Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін!» — деп, шараның ашылу салтанатында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Самат Жылқыбаев құттықтады.