«Барыс» бүгін «Амур» командасын қабылдайды
Астаналық «Барыс» өз алаңында ҚХЛ тұрақты маусымындағы матчта Шығыс конференциясының басты аутсайдері Хабаровскінің «Амурын» қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Соңғы екі ойында Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері «Металлург М» командасын 2:1, «Сочиді» 6:3 есебімен жеңген болатын.
«Амур» 14 кездесу қатарынан жеңіске жете алмай келе жатыр. Соңғы ойында Мәскеуде жергілікті «Спартактан» 2:7 есебімен жеңіліп қалды.
«Барыс» пен «Амур» матчының сағат 19:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта 20 ұпайы бар қазақстандық клуб Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында, ал Амур 13 ұпаймен соңғы орында.