Спорт

«Барыс» бүгін «Амур» командасын қабылдайды

Бүгін Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында Хабаровскінің «Амурын» қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Барыс» пен «Амур» арасындағы матчтың тікелей эфирі Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады және ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, «Барыс» 18 ойында 17 ұпай жинады. Қазіргі уақытта олар Шығыс конференциясының турнир кестесінде 8-орында.

Ал «Амур» 16 ойыннан кейін 17 ұпай жинады. Олар Шығыс конференциясының турнир кестесінде қосымша ұпай айырмашылығы бойынша «Барыстан» алда, 7-орында тұр.