Спорт

Байдарка мен каноэде ескек есуден елордалық жасөспірімдер сайысқа түсті

Бүгін байдарка мен каноэде ескек есуден 2010-2012 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында қалалық бәсеке өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Байдарка мен каноэде ескек есу спорты қоғамда аса танымал болмағанымен, отандастарымыз 1996 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты түрде қатысып келе жатыр. Сондықтан да бұл спорт түрі республикамыздың бірнеше өңірінде кеңінен дамып, тұрақты түрде қолға алынған.

Солардың бірі — Астана қаласындағы №4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі. Бүгін дәл осы мектептің 60-тан аса оқушысы қала күніне орай ұйымдастырылған жарысқа қатысып, 200 және 500 метр қашықтықта өзара жүлдегерлерді анықтады.

Жазғы демалыс уақытында оқушылар аптасына 5 мәрте жаттығып, әр мерекеге орай түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Байдарка мен каноэде ескек есу физикалық күшті талап ететіндіктен, қатысушылар жыл 12 ай үнемі дайын болуы керек. Сондықтан жасөспірімдер жазда су бетінде жүрсе, қыста бассейн, шаңғы тебу, жаттығу залында дайындалады.

Бір қызығы, бұл спортқа суға жүзумен айналысатындар арасынан бет бұратындар көп.

Дәл қазіргі сәтте бұл спорт түрінен еліміздің оңтүстік өңірі алдыңғы орындарда тұр. Оның бір дәлелі, Париж Олимпиадасына баратын 6 спортшының төртеуі Шымкент қаласы мен Түркістан облысына тиесілі.

Бапкердің айтуынша, қазіргі уақытта байдарка мен каноэде ескек есуден Түркістан облысында әлемдік талапқа сай су каналы салынуда. Ол бітсе, жасөспірімдеріміз өз жерімізде толық деңгейде дайындалып, Азия мен әлемдік деңгейдегі спортшылар шығады деп сенеді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бұл спорт түрінен әлемнің 58 мемлекеті 16 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

-->

«Байдарка мен каноэде ескек есу спорты қымбат болғанымен, елімізде айналысу тегін. Көбінесе мектебімізге 11-12 жастан бастап оқушыларды қабылдаймыз. Басты талап — денсаулығы дұрыс болу керек. Сондықтан да кей балалардың ғана жолы болады. Оларды қызықтыру керек. Күнделікті 2 мезгіл су бетінде ескек есу қиын болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бәрі бейімделіп кетеді», — деді жасөспірімдердің жаттықтырушысы Ғалымжан Бекежан.

Жазғы демалыс уақытында оқушылар аптасына 5 мәрте жаттығып, әр мерекеге орай түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Байдарка мен каноэде ескек есу физикалық күшті талап ететіндіктен, қатысушылар жыл 12 ай үнемі дайын болуы керек. Сондықтан жасөспірімдер жазда су бетінде жүрсе, қыста бассейн, шаңғы тебу, жаттығу залында дайындалады.

Бір қызығы, бұл спортқа суға жүзумен айналысатындар арасынан бет бұратындар көп.

«Бастапқыда суға жүзумен айналысқан едім. Кейін үйдегі ата-анамның қалауымен осы спортқа 1 ай бұрын ауыстым. Олимпиада, әлем чемпионатына қатысу сынды үлкен мақсаттарым жоқ. Ең бастысы — денемді шынықтырып, салауатты өмір салтын ұстану», — деп 14 жастағы А. Александров өз пікірін білдірді.

Дәл қазіргі сәтте бұл спорт түрінен еліміздің оңтүстік өңірі алдыңғы орындарда тұр. Оның бір дәлелі, Париж Олимпиадасына баратын 6 спортшының төртеуі Шымкент қаласы мен Түркістан облысына тиесілі.

«Біздің кезімізде осы спортқа деген махаббатымыз ғана кәсіби деңгейде айналысуға мүмкіндік берді. 18 жасымда 30 мың айлығым болса да, жүре бердім. Ал қазіргі сәтте мемлекет тарапынан көңіл бөлініп келеді. 18 жастан асқандарға айлық та беріледі. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі, байдарка мен каноэде ескек есуден жазғы Олимпиада ойындарын көретін болсаңыз, көбінесе 25-30 жас аралығындағы спортшылар жүлде алып жатады», -деді жасөспірімдердің жаттықтырушысы Ғалымжан Бекежан.