Бадминтоннан Азия чемпионатында төрт қазақстандық спортшы өнер көрсетеді
Нинбода (Қытай) бадминтоннан Азия чемпионаты басталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құрлықтық чемпионатта ел намысын төрт спортшы қорғайды.
Медаль үшін Дмитрий Панарин, Мақсұт Тәжібұллаев, Камила Смағұлова және Айша Жұмабек сынға түседі.
Айта кетейік, чемпионат 13 сәуірге дейін жалғасады.