Бүгін футболдан Премьер-лига командаларының бесінші туры басталады


Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-туры басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған тур 8 және 9 сәуір күндері өтеді, деп жазады inform.kz. Бүгін, 8 сәуірде 4 ойын болса, 9 сәуірге қалған 3 кездесу белгіленген.
Бүгін, 8 сәуірде сағат 14:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) бесінші турдың шымылдығын түреді. Одан кейін 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 17:00-де «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Каспий» (Ақтау), 20:00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтёр» (Қарағанды) кездеседі.
Ал 9 сәуір күні, сағат 17:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған), 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.