Спорт

Азия ойындарына қатысатын биатлоншылар белгілі болды

The final spritzer

Биатлоннан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазақстан биатлоншылар одағының мәліметінше, құрам соңғы ішкі және халықаралық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ спортшылардың қазіргі физикалық жағдайы негізінде жасақталған.

Нәтижесінде Харбинде Қазақстан атынан Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес, Кирилл Бауэр, Дарья Климин, Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Полина Егорова және Елизавета Белецкая өнер көрсетеді.