Азия кубогы: Қазақстан құрамасы садақ атудан үш медаль иеленді
Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды.
Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.
Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.
Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.