Спорт

Азия чемпионаты: төрт қазақстандық финалда күреседі

Бүгін еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде финалға төрт балуан жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күресті.

Олардың арасынан Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалға дейін жетті.

Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады. Жеңген жағдайда қола жүлде үшін сайысқа түседі.

Финалдық белдесулер 18:00-де басталады.

-->