Азия чемпионаты: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шыға алмай қалды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Өзбек боксшысы Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.