Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Махмұд турнирдегі алғашқы кездесуін тайбэйлік Ян Лин Лайға қарсы өткізді. Жекпе-жек бір раундқа да созылған жоқ. Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.