Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының барлығы чемпион атанды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық барлық бұрымдылар жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аға жаттықтырушы Жанкелді Ахметовтың шәкірттері 12 алтынды қоржынға салды:

48 келі. Айым Тәңкібаева;

50 келі. Сила Биболсынқызы;

52 келі. Рахмина Абдумежитова;

54 келі. Жанель Имантаева;

57 келі. Ақнұр Тұрсынғали;

60 келі. Толғанай Қасымхан;

63 келі. Алина Құдайгенова;

66 келі. Ақбота Есімбекова;

70 келі. Мария Сидоренко;

75 келі. Зарина Толыбай;

81 келі. Құралай Егінбайқызы;

+81 келі. Сәбина Жақсылық.