Спорт

Азия чемпионаты: Ақмарал Науатбек парадзюдодан ел қоржынына алғашқы медальді салды

Ақмарал Науатбек парадзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақтағы А.Науатбек J2 (көзі нашар көретіндер) санатында күміс медаль жеңіп алды.

Айта кетерлігі, осы салмақ дәрежесінде өзбекстандық Лобар Хурромова жеңімпаз атанса, Кокила (Үндістан) мен Юи Фужиуара (Жапония) қола жүлдені өзара бөлісті.

Азия чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.

-->

Бүгін Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болдым. Мақсат – өз елімізде өтіп жатқан әлемдік жарыста алтын алып, Әнұранымызды шырқату болатын. Өкінішке қарай, өз қателігімнен қолда бар алтыннан айырылып қалдым. Маған үміт артқан барша жанкүйерден кешірім сұраймын. Бұл менің әлем чемпионы ретінде қатысқан алғашқы жарысым еді. Осы қателігімнен сабақ алып, келесі жарыста аянбай еңбек етемін. Дзюдодағы басты мақсатым – Паралимпиада ойындары. Бар күш-жігерімді осы мақсатымды бағындыруға жұмсаймын, - дейді Ақмарал Науатбек.