Спорт

Азиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан ел құрамасы жасақталды

2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында Азия ойындары өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның мәнерлеп сырғанау командасының жаттықтырушылар штабы жарысқа қатысатын құраманы анықтады.

Жекелей сынға түсетін ерлер: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы қатысушы – Рахат Бралин. 

Жекелей сынға түсетін әйелдер: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы қатысушы – Анна Левковец.

Мұздағы би: Гаухар Наурызова/Байсангур Датиев.