Азиада-2025: Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды
Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. Жарыс жолында жерлестеріміз Олимпиада чемпиондарын артқа қалдырып кетті.
1-орын. Қазақстан - 97.92 ұпай
2-орын. Қытай - 93.48 ұпай
3-орын. Қытай - 91.57 ұпай
Бұған дейінгі Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль бұйырмаған еді. Тек 2011 жылы ғана Жібек Арапбаева (күміс) мен Руслан Абылатифов (қола) жүлде тұғырынан көрінген.
Осы жолғы Харбиндегі Азиадада рекордтық 11 жүлде сарапқа салынып, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.