Спорт

Азиада-2025: Қазақстандық спортшылардың 6 ақпандағы жарыс кестесі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында хоккей мен керлингтен топтық кезең жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

6 ақпанда қазақстандықтар үш кездесу өткізеді.

Спорт түрі: Керлинг, аралас жұптар. Топтық кезең

Кездесу: Қазақстан – Қырғызстан; Қазақстан – Филиппин

Басталуы: 07:00; 15:00

Спорт түрі: Шайбалы хоккей, әйелдер. Топтық кезең

Кездесу: Қазақстан – Тайбэй

Басталуы: 16:30