Азиада-2025: Қазақстан құрамасы алғашқы медальді иеленді
Қазақстандық шорт-трекшілер Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады.
Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.