Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион қашан пайдалануға берілетіні белгілі болды
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2020 жылы жүргізілген техникалық тексеру кезінде стадион құрылымдарының қатты тозғаны анықталды.
«Елордалық мәслихат бұл жағдайды ескере отырып, стадионды қайта жаңғыртуға қаржы бөлу туралы шешімді бірауыздан қолдады. Жобаны аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған», - деп жазды Е.Каналимов.
Жер учаскесінің жалпы ауданы 2,2 гектарды құрайды, ал стадионның сыйымдылығы – 3 598 орын, оның ішінде VIP аймағы мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған орындар қарастырылған. Стадионды Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен қонақтары пайдалана алады. Олар нысанды белсенді демалыс пен спортпен шұғылдану үшін қолдана алады. Жаңа стадион UEFA және FIFA халықаралық стандарттарына сай жабдықталады.
Айта кетейік, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда алғашқы футбол ойыны 1964 жылғы 14 мамырда өткен. Сонымен қатар бұл жерде регби бойынша жарыстар да ұйымдастырылған.