Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсанында Қазақстанның Моңғолиядағы Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен тоғызқұмалақ үйірмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты Бейсен Бұлан, Моңғолияның халық жазушысы Сұлтан Тәукейұлы, Моңғолия Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрбек Жырғауұлы және тоғызқұмалақ ойынының әуесқойлары қатысты.
Шақырылған қонақтар осы ұлттық ойын Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында кең таралып жатқаны мен енді Ұлан-Батыр тұрғындары да таныса алатынын қуанышпен атап өтті.
Осы себеппен елшілік пен федерацияның игі бастамасына қолдау білдіре отырып, қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту мен насихаттау бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.