Спорт

Қазақстанның көркем жүзу спортшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Қазақстанның көркем жүзу спортшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада  елдеріне квота бұйырды. 

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі. 

Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж  Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды. 

17 жастағы Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті. 

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына баратын спортшылардың саны 21-ге жетті. 

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ОЛИМПИАДАДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ: 

Токио Олимпиадасы — 16-орын

Александра Немич

Екатерина Немич

Рио Олимпиадасы — 15-орын

Александр Немич

Екатерина Немич

Лондон Олимпиадасы — 15-орын

Анна Кулкина

Әйгерім Жексембинова

Бейжің Олимпиадасы — 20-орын

Айнұр Керей

Арна Тоқтаған

Афина Олимпиадасы — 18-орын

Әлия Каримова

Арна Тоқтаған

Сидней Олимпиадасы — 22-орын

Әлия Каримова

Галина Шатная

Атланта Олимпиадасының бағдарламасына кірмеген.

                                                                                                                                                                     Қанат БАЙҰЗАҚОВ. 

-->