Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында 3 алтын жеңіп алды
Алматыда кадеттер арасында (U8-U12) шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тарихи жүлдеге ие болған чемпиондар:
Алиша Бисалиева (G8, 8 жас) – 9½ ұпай;
Әдинұр Әділбек (O8, 8 жас) – 9½ ұпай;
Данис Қуандықұлы (O12, 12 жас) – 9 ұпай.
«Қазақстан құрамасы командалық есепте де үздік болды. Алиша мен Әдинұр соңғы турда тең нәтижемен алтын иеленді. Ал Данис (ӘЧ-2023 чемпионы) тарихи жетістігін қайталап, екі дүркін әлем чемпионы атанды», - делінген Туризм жəне спорт министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен чемпионатқа 88 елден 842 жас шахматшы, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 229 ойыншы қатысты.