Спорт

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды

20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен ITF W15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Финалда Аружан ресейлік Мария Калякинаны ұтты.

Шешуші кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы ITF аясындағы екінші жүлдесін иеленді. Алғашқысын 2023 жылы Тунистe жеңіп алған болатын.