Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге ширек финалда ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардаваны жолдан тайдырды.
Қазақстандық-чехиялық дуэт 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
С.Кенжебаева – И.Себестова финалға шығу үшін нидерландылықтар Лус Эбелинг Конинг – Сара Ван Эмстпен шеберлік таластырады.
Осы жарыста өнер көрсеткен Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова ширек финалда ресейліктер Софья Гапанькова мен Ксения Ершке жол берді – 5:7, 2:6.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 332-орындағы Жібек Құламбаева Лозадағы (Португалия) ITF W35 турнирінің екінші айналымында әлемнің 274-ракеткасы, аустралиялық Тина Смиттен (4:6, 1:6) жеңіліс тауып, ширек финалдан тыс қалды.