Қазақстандық теннисші ITF жарысының жеңімпазы атанды

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген ол финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда А.Андраде 4:2 есебімен алға шықты. Дегенмен Попко таразы басын теңестіріп қана қоймай, басымдылық танытты – 7:5.
Екінші сетте Андраде бет қаратпады – 6:1.
Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық спортшы тағы бір брейк жасай алды. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.
Тартысты өткен финалдық матч 2 жарым сағатқа созылды.
Осылайша, Дмитрий Попко АҚШ-тың Флорида штатында екінші рет қатарынан ITF жарысының жеңімпазы атанды.
-->Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген ол финалда дүниежүзілік рейтингіде 649-орында тұрған эквадорлық Андрес Андрадемен чемпиондық атақты сарапқа салды.