Спорт

Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. Бірінші партияда ресейлік спортшы тай-брейкте басымдық танытты 7:6 (7:4).

Екіншісінде Бублик есе қайырды 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте есеп Бубликтің пайдасына 6:5 болған мезетте Рублев қапталдағы төрешіні балағаттағаны үшін жеңіс қазақстандыққа берілді.

Екі сағат жарымға созылған тартысты кездесуде Бублик 21 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Александр Бублик финалда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 18-орындағы франциялық Уго Умбердің біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

-->