Спорт

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич бұл турнирде 2022 жылы да ойнаған және финалға шыққан, бірақ жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ биыл бұл жұп Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.