Спорт

Қазақстандық таеквондошылар Fujairah Open-де 7 жүлдеге қол жеткізді

Үш күнге созылған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары да бақ сынап, 7 медаль жеңіп алды.

Ақтық сынға шыққан Аманбол Бегімбетов (63 кг) Ясмина Нарбаева (62 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) қарсыласына жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Ал VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы Батырхан Төлеуғали (80 кг) және Бексұлтан Мұсахан (68 кг), Ерасыл Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг) жартылай финалда сүрініп, өз салмағында үздік үштікті түйіндеді

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы дәстүрлі бәсекеге тұрақты қатысып тұрады. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Ұлттық құрама өкілдері 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

-->