Спорт

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді

Таеквондошы Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы 59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, екінші орыннан көрінді. 

Ақтық кезеңде ол Иран елінің спортшысы Айназ Насириге есе жіберді.

Айта кетейік, бұл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының осы салмақ дәрежесінде қола медальді канадалық таеквондошы Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.