Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өткен ІХ командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elorda.info,бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.
Қазақстандық ойыншылар соңғы сәтте Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½).
Команда сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова өнер көрсетті. Бұл – Павел Коцур баптайтын ұлттық құраманың біріншіліктегі алғашқы жеңілісі. Осыған дейін Қазақстан топтық кезеңде Грузиямен тең түсіп (2-2), қалған қарсыластың бәрін ұтқан.
Қазақстан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің біріне айналды. Қазақстанның бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі ширек финал еді.
Ал Грузия осымен 2-рет әлемдік додада алтынға қол жеткізіп, бұл көрсеткіш жағынан Ресеймен теңесті.
-->Қазақстандық ойыншылар соңғы сәтте Грузияға жол берді. Алғашқы раундта грузиялықтар 2½-1½ есебімен алға шыққан. Сосын 2-айналымды да өз пайдасына аяқтады (3½-½).