Қазақстандық шаңғышылар Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында шаңғы жарысынан күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Эстафетада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.
Спортшылар мәре сызығын 55:24.5 уақыт көрсеткішімен кесті. Алтын жүлдені 53:59.3 уақытпен Қытай құрамасы жеңіп алса, Жапония 56:38.1 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.