Қазақстандық семсерлесушілер Қытайдағы Гран-при турниріне қатысады
Қазақтың құрамасы рапирамен семсерлесуден Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Olympic.kz жазуынша, халықаралық турнирде ел намысын үш спортшы қорғайды.
Ерлер арасындағы жарысқа Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семенов қатысады.
Әйелдер арасында жүлде үшін Софья Актаева таласады.
Гран-при 16-18 мамыр аралығында өтеді.