Спорт

Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогы кезеңіне қатысады

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манамада (Бахрейн) өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықаралық турнирде қыздар арасында жүлделер үшін Каролина Фомина, Катрина Фомина, Кристина Красикова, Валерия Мишенина, Айзере Нұрқанова, Арина Яковлева және Наталья Зинякова бақ сынайды.

Халықаралық федерацияның мәліметінше, ерлер арасында Қазақстан намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Нұрмұхаммед Балтабай, Алексей Касаткин, Аңсар Қасен, Ғабиден Мұстафин, Владимир Сидоров, Уәлихан Нариман және Жанарбек Жанұзақов қорғайды.

Айта кетейік, әлем кубогы 17-19 қаңтар аралығында өтеді.