Қазақстандық параспортшылар әлемдік серияда жүлдегер атанды
Черногорияның Подгорица қаласында пара үстел теннисінен өткен ITTF World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясында қазақстандықтар 3 қола медаль еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аралас жұптық сайыста Александра Степанова мен Ерлан Казиев, сондай-ақ Алтынай Ержанқызы мен Талғат Эрекеев қола жүлдегер атанды. Бұған қоса, әйелдер арасындағы жұптық санатында Сәуле Айдарханова мен Александра Степанова үздік үштікке енді.
Айта кетсек, World Para Challenger Podgorica 2025 әлемдік сериясына 28 мемлекеттен 140-тан астам спортшы қатысты.