Спорт

Қазақстандық параспортшы шахматтан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Бангалор қаласында (Индия) көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жасар қазақстандық Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.

«Шахматтан әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап қола медальді иеленді. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде спортшыларымыз Әлия Мұратова турнир кестесінде 16-шы,  Айнагүл Тәшенова 19-шы болып тұрақтады. Осындай әлем біріншіліктерінен ел спортшылары медальсіз қайтпаған. Биыл шілде айында  Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медальді еншілеген болатын», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы  Зинятқыз Нүсіпбаева.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 8 мемлекеттен 40-тан астам спортшы қатысты.