Қазақстандық параспортшы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды
Каирде (Мысыр) өтіп жатқан парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық атлет Давид Дегтярев екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 191 келілік зілтемірді көтерді. Сондай-ақ ол үш әрекеттің жиынтығы бойынша тағы бір алтын медаль иеленіп, Қытай мен Сальвадор спортшыларын басып озды.
Осылайша, Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников баптайды.
Оқи отырыңыз: Астаналық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
Айта кетейік, парапауэрлифтингтен әлем чемпионаты – Paralympic Powerlifting күнтізбесіндегі ең маңызды жарыстардың бірі. Бұл додаға әлемнің ең мықты атлеттері қатысады.