Қазақстандық конькиші 100 метрде әлем рекордын жаңартты
Конькимен жүгіруден Астанада өтіп жатқан VI қысқы спартакиадада Евгений Кошкин әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Отандасымыз 100 метр қашықтықты 9.31 секундта жүгіріп өтіп, бейресми әлем рекордын жаңартты.
Бұған дейін бұл рекорд Қытай спортшысы Гао Тинюйға тиесілі (9.32 секунд) болған еді.
100 метр – Олимпиада және әлем чемпионатының бағдарламасына кірмейді. Бірақ дәл осындай жылдамдықпен Евгений Кошкин көпшіліктің назарын өзіне аударып жүр.