Қазақстандық гимнастар Ташкенттегі Challenge Cup финалына жолдама алды
Ташкентте (Өзбекстан) спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Olympic.kz жазуынша, іріктеу кезеңінің алғашқы күні бойынша Қазақстан құрамасынан төрт спортшы турнирдің финалына жолдама алды.
Зейнолла Ыдырысов пен Диас Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, финалға өтті.
Дмитрий Патанин сақиналардағы жаттығуда ақтық сынға жолдама алды.
Ал әйелдер арасында Амели Мукушева қол тіреп секіру жаттығуы бойынша финалда жүлде үшін бақ сынайды.