Қазақстандық боксшылар әлемдік рейтингте бой көрсетті
Халықаралық World Boxing федерациясы өз тарихында алғаш рет әлемдік рейтингті жариялады. Тізімге 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, әлем кубогының және World Boxing Challenge сериясының қорытындысы бойынша үздік боксшылар енгізілді.
Олардың қатарында:
Назым Қызайбай (48 келіге дейін);
Аида Әбікенова (65 келіге дейін);
Наталья Богданова (70 келіге дейін);
Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін);
Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін);
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).
Сонымен қатар үздік үштікке енген қазақстандықтар да бар:
Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын);
Виктория Графеева (60 келігедейін, 3-орын);
Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын);
Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын).