Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің қарсыласы ауысты
Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 17 қаңтарында Коммерс қаласында (Калифорния, АҚШ) өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бастапқыда Ахмедовтің қарсыласы ретінде америкалық Рональд Эллис (18-5-2, 12 КО) аталды, бірақ енді BoxRec.com сайтында Әлидің қарсыласы ретінде АҚШ-тың тағы бір өкілі Малколм Джонс (17-4-1, 10 КО) көрсетіліп тұр. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, бокс кешін промоутер Том Лоффлер (360 Promotions) жүргізеді және UFC Fight Pass арқылы көрсетеді.