Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының мүшесі 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде былғары қолғаптан додаға түсіп жатыр.
Ұлжан Сәрсенбек бұл біріншіліктегі алғашқы кездесуін украиналық Карина Вовкке қарсы өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Ширек финалда Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанға қарсы кездесу өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуі керек болған Алуа Балқыбекова денсаулық жағдайына байланысты турнирден шығып қалды.