Спорт

Әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан боксшылар белгілі болды

Ливерпуль қаласында (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы жартылай финалға жолдама алды​​​​​, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олардың қарсыластары мен жекпе-жек кестесі (уақыт – Астана уақытымен):

12 қыркүйек

19:00 – Әйелдер, 60 кг. Виктория Графеева – Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

22:30 – Әйелдер, 65 кг. Аида Әбікеева – Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)

23:15 – Әйелдер, +80 кг. Елдана Тәліпова – Агата Качмарска (Польша)

01:15 – Ерлер, +90 кг. Айбек Оралбай – Хулио Сезар ла Крус (Куба).

13 қыркүйек

18:00 – Ерлер, 55 кг. Махмұд Сабырхан – Лю Чуан (Қытай)

22:15 – Әйелдер, 51 кг. Алуа Балқыбекова – Ци Синью (Қытай)

22:45 – Ерлер, 70 кг. Төрехан Сабырхан – Одель Камара (Англия)

23:15 – Әйелдер, 70 кг. Наталья Богданова – Шантель Рид (Англия).

Айта кетейік, тағы екі қазақстандық спортшы әлі ширек финалда жұдырықтасады. 12 қыркүйек күні Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Ташкенбай (50 кг) рингке шығады.